«Зерде» республикалық конкурсы
2-7- сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары «Зерде» республикалық конкурсының аудандық кезеңінде мектебіміздің 4-сынып оқушысы Маратқызы Нұрдана қазақ тілі мен әдебиеті секциясына қатысып, жеңімпаз атанды. Конкурстың мақсаты балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық - шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Жас зерттеушілердің облыстық кезеңіне жолдама алған Нұрдана жүлделі 2-орынға ие болды. Нұрданаға алдағы уақытта да тек биіктерден көріне беруіне тілектеспіз.
Жұмыстың жетекшісі Оспанова Гулнара Тюлюбаевна зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыны анықтап, оған қолдау көрсетті және оның нәтижесін көруде.Возможно, это изображение 2 человека, люди стоят и в помещении
Дата публикации: 07.11.2022