Балалар жылы-2022

  

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектебіміздің оқушылары мұражайға саяхат жасады.

Тағылымы мол өткен күндерден мағұлмат беретін мәдени орта ол мұражай екендігі анық. Өңіріміздің тарихи-мәдени мұрасын жинап, сақтап, халыққа насихаттап отырған дәл осындай шаңырақ бізде де бар. 16 мамыр күні Жалтыр негізгі мектебінің 5-6 сынып оқушылары Сергеевка қаласының тарихи- өлкетану мұражайына саяхатқа барды. Саяхат барысында оқушылар мұражайдың тарихи және архитектуралық ескерткіш болып табылатынын білді. Мұражайды аралау алғашқы адамдардың еңбек және аң аулау құралдарынан құралған экспонаттармен танысудан басталды саяхат жүргізуші балаларды біздің ауданымыздың, қаламыздың табиғатымен, жануарлар әлемімен таныстырды. Балалар біздің ауданымыздың, қаламыздың аумағында мекендейтін ірі және ұсақ жабайы дала аңдарыментанысты. Мұражайдағы құстардың алуан түрлілігі де балаларды қызықтырмай қоймады, олардың ішінде торғайлар, жабайы үйректер мен қаздар, құрлар, түнгі аңшылар – жапалақтар т.б. бар. Балалар киіз үй жабдықтарын, еңбек құралдарын, ескі кұміс ақшаларды, сарбаздардың қару-жарақтарын қызыға тамашалады. Саяхат балалардың бәріне өте ұнады. Олар білімдерін кеңейтіп, көтеріңкі көңіл-күймен оралды.

Дата публикации: 16.05.2022