Шаңырақтарыңыз биік болсын
"Отан отбасынан басталады" деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Әрбір ересек адам өзі бақытты болуы үшін, ең бастысы, өзгелерді, оның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек екендіктерін білулері қажет. Бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержететінін білеміз. Мұның бәрін неге қозғап отырмыз? Себебі бүгін - жарық дүниедегі ең жақын жандарыңыздың төл мерекесі .
Отбасы – қоғам мен мемлекеттің негізі, даму мен тұрақтылықтың көзі. Сол себепті мемлекет оны қорғауға үлкен мән береді. Мерекенің мақсаты – қоғам назарын отбасы саласындағы проблемаға аудару. Отбасы – өте көпқырлы институт, қоршаған ортаға сай дамып отырады: елу жыл бұрынғы отбасылық қарым-қатынастағы қағидалар қазіргі заманда ешқандай маңызды рөл атқармайды.
Үлкенге ізет көрсету мен көп балалы болуды құрметтеу дәстүрі сақталған Қазақстанда жанұяға маңызды орын берілген, өйткені адамзат пен мәдени құндылықтардың бұлжымас ұясы отбасы болып табылады.
Әлемде отбасының негізгі міндеті балаларды өсіру, оларға лайықты білім беру және адамзаттың қилы қатынастар әлемінде өз орнын табуға көмектесу, сол үшін отбасы берік және сенімді тірек болуы тиіс деген ұғым қалыптасқан. Атаулы мереке қарсаңында Жалтыр негізгі мектебінің оқушыларымен онлайн тәрбие сағаттары өткізділді. Балалар отбасы мүшелерімен бірлесе отырып, жақсы әрі қызықты уақыт өткізіп, жақындаса түсті.
 
Дата публикации: 11.09.2021