«Тәуелсіздік жетістігі»
Биыл Қазақ елі тәңірі берген Тәуелсіздігінің, арайлы азаттығының отызыншы жылына қадам басып отыр. Түп шежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы бағзы заманнан бері қаншама өзінің іргелі ел, қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалғаны – еркіндік сүйгіштік жігерінің, асқақ рухының арқасы.
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңызын және Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы жолында атқарған еңбегін жас ұрпаққа жеткізу мақсатында  WhatsApp желісі арқылы № 5517 Орал әскери бөлімі ұлттық ұланның командирі подполковник Алкайдаров Сағындық Ахмадиұлымен байланысқа шықтық. Оқушылар онлайн форматта өздерінің қызығатын сұрықтарын қойды. Сынып сағатында оқушыларға ел Тәуелсіздігінің 30 жыл ішінде қол жеткен жетістіктері, осы жолдағы еліміздің саяси-әлеуметтік ахуалы, білім мен мәдениет, тарих, рухани құндылықтар, ел бірлігі мен тыныштығы туралы киелелі сөздер айтылды және тақырыпқа орай викторина өткізілді. Кеш соңында оқушылар өнерін ортаға салып, жыр шашуларымен аяқталды.
                                                                                     
 

 
 
 
Дата публикации: 09.09.2021