Тілдер күні

Тілдер күніне орай Жалтыр НМ-де , бастауыш сыныптар арасында «Тіл-достықтың алтын көпірі» тақырыбында ойын сабағы өтті, «Дұрыс па, бұрыс па?»,«Қазақстан» сөзіндегі әріптерден жаңа сөздер құру, «Жалғасын тап» ойындары шығармашылық жұмыспен ұштасып тақырыпқа сай суреттер салынды. Мағжан Жұмабаев - «Тіл - адам жанының тілмашы, тілі кем болса, адамның қор болғаны» деген екен.Тіл – тарих тереңіне бойлатып, өнер бұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас бұлағы. Тіл – әрбір елдің, ұлттың мақтанышы. Тіл - тәуелсіздік тірегі. Ана тілі – әр халықтың төл белгісі. Сондықтан да ана тілімізді құрметтей білейік!

Дата публикации: 12.09.2022