«12 айда-12 кітап»

МектепКітапханасы
#12Айда12Кітап
#ОқуғаҚұштарМектеп
#КітапОқитынҰлтМарафоны
#Балаларкітапханасы
Қазан айында «Оқуға құштар мектеп»,
«12 айда-12 кітап», «Балалар кітапханасы»
жобасы бойынша Ахмет Байтұрсынұлының
шығармаларын оқып,олардың мазмұны мен
негізгі ойды түсініп,талдау жұмыстары
жоспарланып және әр сыныпқа жас
ерекшеліктеріне сай оқылатын шығармалар
тақырыптары нақтыланып,таныстырылған
болатын.
1-сынып «Мен қалай оқуға бардым?»
әңгімесі
2-сынып «Оқуға шақыру» өлеңі
3-сынып «Қарға мен түлкі» мысалы
5-сынып «Аққу, шортан һәм шаян» мысалы
6-сынып «Өгіз бен бақа» мысалы
7-сынып «Ала қойлар» мысалы
9-сынып «Қырық мысал» жинағынан
таңдаулы мысалдар, «Қазақ салты» өлеңі.
Әр сынып өздеріне бөлініп жоспарланған
Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын
оқып, олардың мазмұны мен негізгі идеясын
талдады. Әр сынып өздеріне бөлініп
берілген шығармалар бойынша ізденіс
жұмыстарын жүргізіп, алған білімдерін
ортаға салды. Жалпы, қазан айында
атқарылған жұмыстар өз мақсатына жетті.
Алдағы айларда да жоспарға сай
оқушылардың кітап оқу мәдениетін
қалыптастыру, әдебиетке деген
сүйіспеншілігін арттыру бағытындағы
жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады

Дата публикации: 03.11.2026