1933 жылы бастауыш мектеп болып ашылды.
2012 жылы — «Шал ақын ауданының Жалтыр негiзгi мектебi» КММ боп атауын өзгерттi.
Қазiргi уақытта Жалтыр негiзгi мектебiнде 45 шәкiрт бар, оның 29 — үздiк және озат оқушылар, яғни 64% пайызды құрайды.
Оқушыларымыз әрдайым облыстық пән олимпиадаларынан және Республикалық, халықаралық зияткерлiк сайыстардан жүлделi орындарға ие болып жүр.
Мектебiмiздiң ұстаздары аудандық, облыстық, республика көлемiндегi «Педагогикалық оқулар», «Педагогикалық идеялар панорамасы», «Инновациалық жобалар Фестивалi» , «Педагогикалық дуэт» байқауларының жеңiмпаздары.
Мектебiмiздi қызыл аттестатқа бiтiрiп, алған бiлiмдерiн «Облыстық Әбу Досмұхамбетов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында» жалғастырып, алған бiлiмдерiн көрсете бiлiп, алтын белгiмен аяқтады. Алтын белгiге аяқтаған Абилова Сымбат — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi филология факультетiнiң II курс студентi болса, Есенова Ақжарқын осы университеттi тәмамдап, бiлiмiн магистратурада жалғастыруда.
Түлектерiмiз әскери бiлiм алып, республикамыздың әр түпкiрiнде қызмет етiп жатыр.
Алкайдаров Сағындық-Петропавл әскери институтында, Арыков Асхат — Қарағанды қаласында, Жаксылыков Медет — Астана қаласында әскери күзет қызметiнде iстесе, Жаксылыков Бексұлтан Көкшетау қаласында қауiпсiздiк комитетiнде, Рахимов Асанали — Қостанай қаласында төтенше жағдайлар комитетiнде қызмет етiп жатыр. Жиентаев Өмiрбек Пермь қаласында әскери институтта оқып жатыр. Биылғы жылы екi түлегiмiз Хамит Ерболат пен Қайыр Айдос Петропавл әскери институтын бiтiредi.
Мектебiмiзде маман жетiспеушiлiгiне байланысты «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мамандар тартудамыз. Тарих пәнi мұғалiмi Сексембай С.Е., дене шынықтыру пәнi мұғалiмi — Махметов А.Т. және бастауыш сынып мұғалiмi Естаев А.А. жас маман ретiнде ұстаздық етiп жүр.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауыл, ел тарихын таныту мақсатында «Өлкетану» мұражайы ашылды.
Ауыл тарихы
Ауыл 1940-1960 жылдарда
1940-1963 жылдары Жалтыр жаңа атау алған Октябрь ауданының құрамында болды.
1951 жылғы 30 мамырда Жалтыр ауыл советi Марьевский селолық Советiмен бiрiктiрiлiп, Марьевский поссовет құрылды.
1952 жылғы 3 мамырда «13 жылдық» колхозы Жалтыр ауылсоветiнен алынып Дмитриевский селолық советiне берiлдi. 1955 жылы ұсақ колхоздарды iрiлендiру науқаны басталғанда Жалтыр колхозын Чапаев колхозымен бiрiктiрiп, орталығы Чапаев сеолсы болды.
1954 жылдан бастап тың және тыңайған жерлердi игеру ұранымен облысымызға Н.С. Хрущевтiң ұйғаруымен көптеген басқа ұлт өкiлдерi келе бастады. Тыңды игерудiң жақсы жағы да, нашар жағы да болды. Сол жылдары өңiрiмiзге ауылшаруашылық техникасы (тракторлар, комбайндар, автомобильдер, т.б.) молынан келтiрiлдi. Жаңа совхоздар поселкелерi салынды. Көптеген мектептер, балабақшалар, мойшалар, складтар қоймалар, элеваторолар, тiптi Қорған қаласы мен Пески (қазiргi Новоишимское) поселкесiн жалғаған темiр жол да салынды. Клуб, медпункт, аурухана, асхана, икiтапхана, т.б. iске қосылды, элеватор салынып, темiржол тартылды, Сулы, Ақсуат, Пески стансалары бой көтердi. Егiн, мал шаруашылықтарына көп көңiл бөлiндi.