🔹2024 жылдың 24 қазанында Жалтыр негізгі мектебінде Республика күніне орай 1-ші және 5-ші сынып оқушылары “Жас Ұлан” мен “Жас Қыран” ұйымдарына қабылданды. Бұл шара балалардың патриоттық сезімдерін нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.
🔹Рәсім барысында балаларға ұйымның міндеттері мен принциптері түсіндірілді. Оқушылар салтанатты түрде ант қабылдап, еліміздің болашағына жауапкершілік алуға дайын екендіктерін көрсетті.
Республика күніне арналған қабылдау рәсімі оқушылар үшін есте қаларлық оқиға болды. “Жас Ұлан” және “Жас Қыран” қатарында болу — бұл үлкен мәртебе, әрі патриоттық жолда алғашқы қадам болып табылады.
Дата публикации: 24.10.2024