Есірткісіз өмір – жарқын болашақ!
Есірткісіз өмір – жарқын болашақ!
Жалтыр негізгі мектебінде оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, есірткінің зияны туралы түсінік беру және зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында «Есірткісіз өмір – жарқын болашақ!» тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға есірткінің адам денсаулығына, өміріне және болашағына тигізетін кері әсері түсіндіріліп, өз өміріне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы айтылды.
Жастар – еліміздің болашағы! Әрбір жас саналы таңдау жасап, спортты, білімді және салауатты өмір салтын серік етуі керек.
Біздің таңдауымыз – есірткісіз өмір!
Біздің болашағымыз – жарқын болашақ!
Дата публикации: 11.11.2026