«Оқуға құштар мектеп», «Балалар кітапханасы», «КітапОқитынҰлтМарафоны»,«12 айда – 12 кітап»
Қараша айы – «Оқуға құштар мектеп», «Балалар кітапханасы», «КітапОқитынҰлтМарафоны»,«12 айда – 12 кітап» оқу жобасы аясында жоспарға сай қараша айында қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезовтің шығармаларымен оқып танысу негізінде ,әр сыныпқа жас ерекшеліктеріне сай шығармалар тізімі беріліп,мектеп кітапханасында бар кітаптардан көрме ұйымдастырылды.
Сыныптар
Оқуға ұсынылатын шығармалар
1-сынып
«Әңгімелерінен үзінділер»
2-сынып
«Күшік асырау»
3-сынып
«Жетім» шығармасынан үзінді
5-сынып
«Көксерек» шығармасынан үзінді
6-сынып
«Жетім»
7-сынып
«Көксерек» (тереңдетіп оқу, талдау)
9-сынып
«Қорғансыздың күні»
Соның ішінде «Көксерек» әңгімесін толық оқу және талдау жоспарланды.
«Көксерек» шығармасын толық оқып шығу, мазмұнын меңгеру, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау, кейіпкерлерге мінездеме беру және шығарма бойынша өз ой-пікірлерін білдіру тапсырылды.
Мақсаты:Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мұхтар Әуезовтің шығармаларын насихаттау, әдеби талдау дағдыларын дамыту.
Дата публикации: 04.11.2026