Ұстаздар күніне орай Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ғани Бейсембаевтың атынан білім саласында 30 жылдық еңбек өтілі бар ұстаздарға құрмет көрсетілді. Төл мерекелерінде Жалтыр негізгі мектебінің ұлағатты ұстаздары Жантокена Маншүк Қажғалиқызы, Абилова Светлана Әміржанқызы, Капизова Лаура Қажғалиқызы және Оспанова Гүлнар Тюлебайқызы тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлестері үшін “Құрмет грамотасымен” марапатталды. Бұл ұстаздар бірнеше буын шәкірттерге білім беріп, жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қажырлы еңбек етіп келеді. Олардың шыдамдылығы, кәсібилігі және шәкірттерге деген мейірімі – әр оқушының жүрегінде мәңгі сақталады. Ұстаздарымыздың білімі мен тәжірибесі көптеген жас мұғалімдерге үлгі болары сөзсіз. Құрметті ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге денсаулық, шығармашылық шабыт және толағай табыстар тілейміз. Білім мен тәрбиенің асқақ шыңына жетелеген қажырлы еңбектеріңіз әрдайым бағаланып, беделдеріңіз биік болсын! Ұстаздық жолыңыз – ұрпаққа үлгі, еліміздің болашағы жарқын болсын!

Дата публикации: 04.10.2024