ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІН САҚТАУ – ӨМІР ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ!
ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІН САҚТАУ – ӨМІР ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ!
Жалтыр негізгі мектебінде бастауыш сынып оқушыларымен әлеуеттік ұстаз С.К.Кайржанова жолда жүру ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға жол қозғалысы ережелері, бағдаршамның түстері мен олардың мағынасы, жаяу жүргіншілер өткелінен дұрыс өту тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар, жолдан өту кезінде мұқият болу, жол бойында ойнамау, жол белгілеріне назар аудару және көшеде қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі айтылды.
Мақсаты: Оқушылардың жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолда жүру мәдениетін қалыптастыру және өз өмірінің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Ережені білу – қауіпсіздікті сақтау!
Абайлаңыздар, балалар!
Дата публикации: 11.11.2026