🚀 START UP – ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ
🚀 START UP – ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ
Жалтыр негізгі мектебінің 7-сынып оқушылары арасында «Start Up» тақырыбында танымдық жұмыс ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, заманауи технологияларды тиімді пайдалануға үйрету, шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту, жаңа идеяларды жүзеге асыруға ынталандыру.
💡 Оқушылар цифрлық әлемнің мүмкіндіктерімен танысып, өз идеяларын ортаға салып, жаңашылдыққа бағытталған тапсырмалар орындады. Сонымен қатар, ақпараттық технологияларды дұрыс әрі қауіпсіз қолданудың маңыздылығына назар аударды.
🌐 Бүгінгі цифрлық сауатты ұрпақ – ертеңгі жарқын болашақтың негізі!
Дата публикации: 03.11.2026