Адал ұрпақ отчет за сентябрь-январь
Стенд
Приказ
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшісі Амиржанова С.С. оқушыларды отансүйгіштікке,азаматтылыққа, дамның құқықтарына,бостандықтарына және мәіндеттеріне құрметті,адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін,еңбексүйгіштікке,оқуға,өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында клуб мүшелерінің ұйытқы болуымен «Парасатты азамат» бұрышы жасалып, онда құнды ақпараттар жинақталды.Оқушылардың назарына адал еңбек ету керектігі, еңбек түбі-береке екені айтылып өтті. «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады» сынды тақырыптарда әңгіме қозғады.Әр оқушы өз ойларын еркін жеткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендерін білдірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспарына сәйкес қыркүйек айының 10-ы жұлдызында «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты тақырыпта WhatsApp желісінен онлайн ата-аналар жиналысы өтілді. Жиналысқа 5-9 сыныптан 15 ата-ана қатысты.Жиналыс барысында құқықтық тәрбиелеуде және құқықбұзушылықтарға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа,төзбеу мәдениетін қалыптастыруда отбасының рөлі көрсетілді. Ата-аналарға балаларда құқықты, заңдарды, құқылық тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу бойынша жадынамалар таратылды. Аталмыш тақырып бойынша бейне-фильмдер мен «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады» тақырыптарында ақпараттар беріп, «Адал Ұрпақ» топ жетекшісі Кабиденов Б. баяндама оқыды.Ата-аналар бір ауыздан жемқорлыққа қарсы екендерін білдіріп,өз балаларын адал етіп,өз елін,жерін сүйетін патриот болуларына тәрбиелейтіндіктері туралы айтты. Еліміздің алдынғы дамыған елдер қатарына енуіне, мемлекетімізді өркендетуде болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие бере отыра, оқушылардың биік жетістерге жететіндеріне сенім білдірді.
Мектеп оқушыларының арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!»тақырыбында сурет көрмесі өтілді. Көрменің мақсаты оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеті – құқықтық сананы қалыптастыру болды. Көрмеге 5-9 сынып оқушыларының суреттері қойылды.Ең үздік деп 7 сынып оқушысы Қажағали Әділ мен 9 сынып оқушысы Сәбит Нұртастың суреттері танылды.Жеңімпаздар мектепшілік лездемеде мақтау қағазымен марапатталды.
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшісі Амиржанова С.С. ұйымдастыруымен қаңтар айының 25-і күні «Біздің таңдауымыз - заңды мемлекет» тақырыбында 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен пікірталас өткізілді.Пікірталас барысында оқушыларға өз ойларын еркін жеткізу,айту ұсынылды. Оқушылар «Талапкер», «Заңгер» деп екі топқа бөлініп өз ойларын ортаға салды.Мұғалім екі топқа құқық туралы жалпы түсінік беріліп, Б.Момышұлының «Тәртіпке бас иген құл болмайды» деген қанатты сөздерінен бастады.Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы құқықтық әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы –адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздер кіргізілген.Оқушыларға топ жетекшісі Амиржанова С.С. «Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» мағынасын толығырақ ашу туралы бірінші тапсырманы берді. «Талапкер» тобының мүшесі шығып мүлдем төзбеушілік яғни, әрбір азамат кез келген құқық бұзушылықты көрсе,ол туралы құқық қорғау органдарына хабарлау керектігі жайлы айтып өтті.Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады.Сондықтан да мүлдем төзбеушілікті қалыптастырудың маңызы зор.Құқық қорғау органдар халықпен кездесулер өткізіп,құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік »қағидасын енгізу қажеттігі жайлы халықтың назарына жеткізулері қажет,азаматтарға заңды сақтау және басқа адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтың жолын кесу қажеттігін түсіндіру қажет деп «Заңгер» тобының мүшесі атап өтті